Бүгін Халықаралық Ғарышкерлер күні. Ресей осы күнге жоспарлап зымыран ұшырды. Ғарышқа емес, Қазақстанға. Құрлықаралық баллистикалық зымыран.
Ресейдің Капустин Яр полигонынан ұшырылған зымыран Қазақстандағы Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға тиген. Зымыранды ұшыру туралы Мәскеу АҚШ-қа алдын-ала ескерткен. Бұл туралы Ресей СІМ орынбасары Сергей Рябков айтты.
Ресей 2023 жылы құрлықаралық зымырандар сынағын арттыратынын айтты. Бұл АҚШ-пен жасалған алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарды қадағалау туралы келісімнен Ресейдің біржақты шығып кетуінен кейін болуда.
Mezgil.kz