Ресейлік тарихшы: Өзгенің жеріне көз алартуды қоюымыз керек

Ресей тарихшысы Евгений Понасенко Ресейдің имперлік саясаты туралы пікір айтыпты.


728x514_1_ac10f687a5c3b0fbe299c69cb3d08acb@899x635_0xac120003_18569739271633603882.jpg


«Бәріне мұрнымызды сұғамыз. Өзгелер «Ұлы халық» атасын деп бәрін жау санап, басқалардың жеріне көз алартамыз. Әуелі жолымызға асфальт төсеп, подьезімізді тазартып алайық, бір-бірімізді сыйлап үйренейік»,-деді ол.


Тарихшы «Ресейдің қанша ғасырлар бойы Польшаға көрсеткен қорлығы үшін тізерлеп отырып, кешірім сұрауға тиіспіз» дейді.


«1794 жыл Суворовтың поляктар көтерілісін қанды қырғынмен жаныштады. Ол адамдардың көзін құртуға құлдар армиясын алып барды. Олар поляк балаларын найзаға іліп қойды. Балалар мен әйелдерін атқылады. 20 мыңға жуық поляк қаза тапты.


Польша Ресейдің құрамына кіргісі келмеді. Ресейдің боданында өмір сүргісі келмеді. Өз еркінің өзінде болғанын қалады. Бірақ не болды? Әрине, Ресей әскер жіберді, жерін қанға бөктірді. Сол соғысқа аттанған қанша орыс сарбазы жер жастанды.


Біз тек қана көршімізді қырып-жойып жатқан жоқпыз, өз адамдарымызды да өлтіріп жатырмыз. Поляк көтерілісін басамыз деп өз әскерімізден айырылдық. Польшаның бізге не керегі бар еді? Бізге басқа елдің тіпті керегі қанша? Осындай оқиғалардан кейін «Неге поляктар орыстарға қырын қарайды?» деп таңғалады. Басқаша қалай болу керек еді?»,-дейді Евгений Понасенко.


Тарихшы Польшаның қаншама рет Ресейден бөлек, егеменді ел болуға талпынысы үшін империалистердің құрбаны болып келгенін айтты.


«Бүкіл империалистер жасаған қылмыстары үшін поляктардың аяғына жығылып, кешірім сұрауға тиіс. Бүкіл азаматтарымыз қанша поляктың жазықсыз атылғанын білуі керек».


Тарихшы имперлік идеядан ең қатты зардап шегуші – орыстардың өзі екенін айтты. «Америкаға сес көрсету үшін, Кубаға зымыран қойды. Оған қанша орыстың ақшасы шығын болды. Кубаның бізге керегі не? Бұл барып тұрған мисыздық, шизофрения. Бұл шизфрениядан жазылмайынша, орыстар адам сияқты өмір сүре алмайды»,-дейді ол.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар