Своик: Қазақтар мен Қазақстан орыс әлемінің бөлшегі

Қазақстандық экономист, саясаттанушы Петр Своик «AIRAN» YouTube арнасына берген сұхбатында қазақтар мен Қазақстанды «орыс әлемінің бір бөлшегі» деп атады.

photo_382376.jpeg

«Тарихи және географиялық тұрғыдан алып қарағанда, солай. Әрине, кезінде бәрі жақсы болды дей алмаймын. Бірақ6 Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі, – деді ол.


Саясаттанушы білімді қазақтардың барлығы автоматты түрде қазақи ортада орысша сөйлейтінін атап өтті.


«Қазақстаннан өзге ұлт өкілдері жоқ болып кетсе де, қазақтар орыстілді болып қала береді. Тіл бар жерде көзқарас та, білім де, информатика да, тағы басқалары да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді», - деді Петр Своик.


Ресейде, бұрынғы Ленинград облысының Зеленогорск қаласында туған Своик қазір 75 жаста. Петр Своиктің осыған дейін де даулы мәлімдемелер жасап, елді шулатқан кезі аз емес. Мысалы, ол бұған дейін: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі», - деп сөйлеген.

08def76c061ed38cf1d70844b77893c5.jpg

Ең өкініштісі, шеттен келген шүрегей деген Петр Своик бұл сөздерді аспаннан алып отырған жоқ. Ақорданың айналасынан бастап есеп етсек, Үкімет пен Парламентте мемлекеттік тілді білмейтін, білгісі де келмейтін ақ жағалылар (ірілі-ұсақты шенеуніктер, депутаттар, министрлер мен вице-министрлер, мемқызметкерлер) жетіп жатыр. Солардың бірі, күні кеше ғана Жаңаөзен мұнайшылары еңбек дауымен барып, есігін қаққан ҚР Энергетика министр Алмасадам Сәтқалиев. БАҚ өкілдерінің сауалдарына мемлекеттік (қазақ тілінде) жауап бере алмай, мүдірген министр: «Маған 6 ай уақыт беріңіздер. Қазақшаға судай боламын», - деп жалыған.


Биліктің биік дәліздерінде жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарып жүрген азаматтардың мемлекеттік тілді білуге еш әрекеттенбеуі – Петр Своик секілділердің аузына сөз салып, желпіндіріп отырғаны шындық.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар