Пригожин: Соғысты тоқтатпасақ, Ресей мемлекеттігіне қауіп төнеді

Украина соғысында алақандай Бахмутты былтырғы жылдың мамырынан бері бағындыра алмай келе жатқан Ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясының бастығы Евгений Пригожин соғысты тоқтатуды ұсыныпты.

image.jpg

Евгений Пригожин Ресейлік олигарх. Ресей президенті Владимир Путиннің «жеке аспазы» деген лақап аты бар. Украина соғысында өте-мөте белсенділік танытып, Ресей әскери басшылығымен қайшылыққа көп түсуде. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу командасымен пікір қайшылықтары күн санап өршіп бара жатқанын Ресейлік БАҚ жазған еді. Ол Украинаның Бахмут қаласын басып алуға былтырғы жылдың мамырынан бері бар күшін салуда. Бірнеше мәрте «Бахмутты бағындырғанын» мәлімдеген. Алайда, онысы өтірік болып шықты.


Сол Пригожин өзінің Телеграм арнасында соғысты тоқтатуды ұсынып, «Кремльдің мақсаты орындалған болып табылсын», - деді. Оның пікірінше, ұзақ соғыс Ресей мемлекеттілігіне қауіп төндіреді.

Бұған Ресей президентінің баспасөз әлі реакция білдіре қойған жоқ.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар