Қор болған көк паспорт, қор қылған Мамин!

Қазақстан хоккейшілері Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейге өтіп жатыр. Шайба.kz-ның жазуынша, олардың ішінде Алексей Маклюков, Егор Петухов және Теміртаудың тумасы Антон Сағадеев те бар.

photo_171022.jpg

Көк паспорттан бас тартқан Сағадеев енді Қазақстан құрамасының намысын қорғамайды. Ол Сочиде мансабын жалғастыратынын айтыпты. Антон Сағадеев өзінің мансабын Қазақстанда жасады. 2021-2022 жылдардағы ойын маусымының басында ол «Локомотивте» 8 матч өткізді, содан кейін «Барысқа» оралды.


Бұған дейін Петухов «Барыстан» кететінін хабарланған болатын. Маклюков соңғы екі маусымда «Металлург» атынан ойнады, төрт жыл бойы «Барыстың» намысын қорғады.


Үш хоккейші Қазақстан азаматтығын ала отырып, Ресейдің азаматтығынан да бас тартпаған Бұл біздің заңымызға қайшы әрекет.


Андрей Скабелка ұлттық команданың бас бапкері қызметінен босатылды, оның орнына Ғалым Мамбеталиев тағайындалды.


Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Чемпионат 12-28 мамыр аралығында Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтеді. Топтық кезеңде оларға Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командалары қарсылас болады.


Үкіметті тізгіндеген уағында түк бітірмеген Қазақстан Хоккейінің бастығы Асқар Мамин мұны не деп түсіндірер екен?.. Оларға шыққғындалған миллиондаған қаржыны тағы қосыңыз.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар