Сәуірдің 15-күні Жапония премер-министрі Фумио Кисида бір ажалдан аман қалды. Ол Вакаяма қаласының балықшылар портында парламент сайлауына қатысатын партияластарын қолдау мақсатында сайлаушылармен кездескенде, оған қастандық жасалған. Күдікті 10 метр жерден түтіндейтін бомба лақтырған. Артынан күшті жарылыс болған. Жапон уәзірін күзетуге жауапты бір сақшы иығынан жарақат алған.
Фумио Кисида дін аман. Қауіпсіздік үшін жергілікті сақшы мекемесіне орналасқан. Күдіктіні бомба салылған екінші қорапты лақтыруға үлгертпей, 49 жастағы жергілікті тұрғын жерге алып ұрған. Фукио оған алғыс айтты. Күдікті қамауға алынды. Ол осы қаланың 24 жастағы жұмыссыз азаматы болып шықты. Сақшылар оның үйін тінтіп, ешқандай жарылғыш зат таппаған. Көршілер оның үйдің кенжесі екенін, тұйық мінезді, соңғы уақытта саясатқа қызығушылық танытып жүргенін айтқан. Ол өзінің мұндай әрекетке не үшін барғанын айтудан бас тартып, адвокат тағайындалғаннан кейін ғана пікір білдіретінін жеткізіп, қылмысын мойындаудан бас тартқан.
Уәзірдің штабы сенбі, жексенбіге орналастарған саяси шараларды кейінге қалдыруды өтінгенімен, Фумио сайлаудың ел өміріндегі маңызын алға тартып, тұрғындармен кездесуін ары қарай жалғастырған. Үндістан үкімет басшысы бірінші болып Фумионың аман қалғанына қуанып, жарылысты қатаң айыптаған.
Бұл бір жылға жетпейтін уақыт ішінде Жапония уәзірлеріне жасалған екінші қастандық. Бұдан 8 ай алдын бұрынғы уәзір Абэ Шинзо кісі қолынан қаза тапқан еді. Ол негізгі заңға өзгеріс енгізуді дәріптеп, Жапонияны «бейбітшіл ел» мәртебесінен айыруды көздеген еді.
Оның арманын Фумио іске асырды. Жапония қайтадан жаппай қарулана бастады. Фумио Кисида жыл басында Америкаға барған сапарында Қытай мен Солтүстік Кореяның әскери құқайының еселенгенін айыптап, «Шығыс Азия – екінші Украинаға айналуы мүмкін», - деп мәлімдеді. Оңтүстік Кореямен Екінші дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан араздықты жойып, әскери әріптестік келісіміне қол қойды.
Осыдан соң, Жапонияда «Үлкен жетілік» елдері Сыртқы істер басшыларының кездеуі басталады. Шара үш күнге созылады. Мамыр айының соғына қарай өтетін аталмыш одақ басшыларының кездеуіне дайындық жайын пысықтайды.
Mezgil.kz