Ресей Қазақстанға: Доллардан бас тартыңдар!

Мәскеуде бірнеше күн бұрын РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесуі өткен болатын.

kazah_747_418_crop.jpg

Жоғарғы палата спикерлері екіжақты, оның ішінде Ресей мен Қазақстан аймақтары арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту үдерісіне парламенттік көмек көрсету, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың рөлін арттыру мәселелеріне тоқталды.  

 

ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Валентина Матвиенко Қазақстанды ұлттық валютада есеп айырысуға көшуге және долларсыздандыруды жеделдетуге шақырыпты.

 

Сондай-ақ, Сенат өкілдері Қазақстандағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары желісін кеңейту, ақпарат алмасу және азаматтардың зейнетақысын есептеуге қажетті құжаттарды ұсыну, табиғатты қорғау саласындағы бірлескен іс-шаралар, оның ішінде РФ Қазақстан Республикасының шекаралас облыстарында туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады.

 

Украина жерін үш-ақ күнде басып аламыз деп кеуде керген Путиннің әлеуеті әйдік әлемге әшкере болды. Солтүстіктегі көршіміздің мұрнына жеңістің иісі бармақ түгілі, санкцияның астында қалды. Ресей экономикасының  «ажалынан үш күн бұрын өлетін» түрі бар.  Сондықтан да олар қысқа күнде қырық құбылып отыр.

 

Бұлай деуге негіз де жоқ емес. Өткенде ғана ресейдің «Открытие Инвестиция» брокер компаниясы РФ Сыртқы істер министрлігі «дос емес елдердің» тізімін жасағанын. Сол елдердің валюталарымен төлемдерге қызмет көрсетуді тоқтататынын хабарлаған еді. Компанияның мәліметінше, РФ СІМ тізімінде ЕО-ға мүше елдердің бәрі және Австралия, Канада, АҚШ, Украина, Жапония да кіреді. Бұл елдердің қатарында Қазақстан да аталыпты. «Сасқан үйрек артымен жүзедінің» кері де.

 

«Сонымен Ресей Қазақстанды «дос» тұта ма, әлде «дос емес» дей ме?


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар