Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Украина соғысына қатысушыларға қатысты істі тексеруді бастады. Бүгінде Ресей мен Украина соғысында екі жақта да соғысушы қазақстандықтар бар деген ақпарат әлеуметтік желіде тарауда.
"ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Ведомство қазақстандықтардың қай тарапқа қатысы барын нақтыламады. "Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан азаматтарының Украина жағында соғысып жатқан видеолары шыққан болатын. Ал Ресей басып алған Мариуполь қаласында құрылыс жұмыстарына қазақстандықтар аттануда деген ақпарат та әлеуметтік желіне шулатқан еді.
Mezgil.kz