Теңгені «дұшпан» елдің ақшасына жатқызған Ресей бүгін өз сөзінің қате екенін айтып, кешірім сұрапты.
«Ашық инвестициялар брокерлік шоттардан теңгені қабылдауды/шығаруды тоқтатқан жоқ, тоқтатпайды да. Бұдан басқа, биржалық нарықта қазақстандық теңгемен (KZT) сауда операцияларын жасау қандай да бір шектеу қойылмайды. 2023 жылғы 13 сәуірдегі Ашық инвестициялар хабарламасында қате кеткен, ол қазір түзетілді. Қате берілген ақпарат үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлайды Ашық инвестициялар.
Естеріңізде болса, бірер күн бұрын Ресей «дос емес» елдердің ақшасына тыйым салған.
«Санкциялық қысымның күшеюіне байланысты «дос емес» елдердің валюталарында есептеулерді шектеу және бұғаттау қаупі артуда... Сондықтан келесі валюталарда қызмет көрсетуді тоқтатамыз: Швейцария франкі (CHF), Сингапур доллары (SGD), Жапон иені (JPY), Гонконг доллары (HKD) және Қазақстан теңгесі (KZT)», – делінген еді брокер сайтында.
Есептеулер жүргізуге және клиенттер мен контрагенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға байланысты қатерді азайту үшін 28 сәуірден бастап мынадай өзгерістер енгізу жоспарлануда:
Биржалық және биржадан тыс нарықта «дос емес» елдердің валюталарын сатып алуға тыйым салу;
«Дос емес» елдердің валюталарын брокерлік шоттарға аударуға тыйым салу;
Баламалы есеп айырысу валютасы болған кезде бағалы қағаздарды «Дос емес» елдердің валюталарына сатуға тыйым салу.
2022 жылғы наурызда Ресей үкіметі «дос емес» елдердің тізімін жасаған. Оның ішінде: ЕО-ның барлық елдері, Австралия, Ұлыбритания, Исландия, Норвегия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Украина, Жапония және басқа да бірқатар мемлекеттер мен аумақтар болды. СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, бұл тізімге енбеген елдер ғана Ресейдің «достары».
Mezgil.kz