Дабыл: Кремль Қазақстанды дін арқылы жауламақ па?

Үш-төрт күн бұрын православ христиандары Пасха мерекесін атап өтті. Әдеттегідей, Президент құттықтау сөз айтты. Шіркеулер діни жоралғы жасады. Бірақ, бұл жолы қазақ қоғамын елең еткізген бір көрініс – Қазақстандағы православ шіркеулері діни жоралғыны қазақ тілінде жасады. Барлығы бірдей емес, әрине.

еноеноеноғ.jpg

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе епискобының Евангелиены қазақша оқып тұрған видеосы желіге желден жылдам тарады.


Кейін Иаков Воронцов дейтін иеромонах бұл оқиғаға түсініктеме беріп, шіркеулердің қазақша сөйлеуін қолдайтынын айтты.

341630689_952018295953488_9147668031894262466_n.jpg

«Мен Ақтөбенің епискобы Игнатқа осы Пасхада Евангелиені қазақша оқуға ұсыныс айттым. Ол мақұлдап, батасын берді.


Иә, мен шіркеулерде бұлан әрі қарай да қазақ тілінде рәсім жасалғанын қалаймын. Бізге құлшылық жасап келетін ұлты қазақ азаматтар мен ұлты қазақ шіркеу қызметкерлері бар. Меніңше, Қазақстандағы орыстар да қазақ тілін білуі керек. Біздің христиандардың басым көпшілігі орыс тілді. Десе де христиан дініндегі қазақ азаматтар көп шоғырланған аймақтарда діни рәсімді қазақша жүргізу процесін бастап кету керек», - деді иеромонах Иаков Воронцов.


Бұл иеромонах Иаков Воронцов осыған дейін де: «Қазақстан орыстары қазақ тілін үйрену керек», - деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған еді. Ол әлеуметтік желідегі өз жазбаларын қазақша жазып жүргізіп жүрген.

Біз иеромонахтың осы мәлімдемесінен кейін «Usbanov arnasy» телеграм арнасында арнайы сауалнама жасадық. «Шіркеулердің қазақша рәсім жасағанын қолдайсыз ба?» деп сұрадық.


Жедел сауалнамамызға 500-дей адам қатысты. Респонденттердің 54 пайызы (247 адам): «Жоқ, қарсымын. Бұл қазақ аудиториясына бағытталған діни идеология», - деп жауап берді. Ал 31 пайыз респондент (141 адам): «Иә, қолдаймын. Барлық діни рәсім мемлекеттік тілде болуы тиіс», - деп жауаптаған.


Ал сауалнамаға қатысушылардың 15 пайызы: «Бейтарап позицияда» екендіктерін білдірген.


Facebook желісіндегі сауалымызға 100-ге таяу жауап келіп түсіпті. Дені: «Бұл қазақты шоқындырудың оңай жолы. Бұлар орыстар қазақша үйренсін деп емес, қазақтар христиан дініне кірсін деген оймен жасап отыр», - дейді.

6225_4941464863993_1222595700_n.jpg

Белгілі журналист, публицист Марат Байділдәұлы: «Шіркеуге христиан орыстар бара бермейді. Содан ақымақ қазақтарды тартып, жамағатын көбейткісі келеді. 2001 жылдан бері Англияда 500-ден астам шіркеу банкроттыққа ұшырап (адам келмегендіктен), есесіне тек бір Лондонның өзінде 423 мешіт өмірге келді. Ағылшындар өздері бұл жағдайды әзілдеп «Лондонстан» атап жүр, - дейді.

20180512161833.jpg

Ал экономист Меруерт Махмұтова: «Өзім қазақтың миын осымен улайды деп шошыдым. Шіркеу ФБС мен Кремльдің қаруы. Дәл қазір Ресей барлық көрші елдерге үлкен қауіп. Ресей билігі шіркеуді қару ретінде пайдаланады. Арғы жағында үлкен саясат тұр», - дейді.

666-1000x_.jpg

Желтоқсаншы Ерлан Декелбаев: «90-шы жылдардан бастап протестанттық христиан миссионерлері осы күнге дейін арнайы қазақ топтарына қазақ тілінде жүргізіліп келеді. Шоқынған қазақтар да өте көп. Кәдімгідей салт-дәстүрімізді атай отырып, ұлттық киімдері мен домбыраларын қолдарына алып, Иса мәсәхті дәріптейді. Ұлттық киімдерін киіп Наурыз мерекесін де атап өтеді. Әже-апалары кимешек киіп, ерлері тақия шапан киіп, шоқынуға шақырады. Сондайлардың бірі «Благодать» «Новая жизнь» сияқты шіркеулер. Ал «Иегова куәгерлерінің» құлшылық жасау ережелері мүлдем басқа. Ол жақта да шоқынған қазақтар өте көп. Сол жылдары мақсаттары Қазақстанда 2010 жылға дейін 1000 шіркеу салу еді. 2000-шы жылдың ортасында миссионерлер қаптап кеткенде, 28 панфиловшылар паркінде орналасқан шіркеуге, поптарынан сұқбат алуға барғанмын. Сол кезде «жылап» отырған: «прихожандарымыз азайып кетті, бәрі протестанттық миссионерлердің шікеуіне барады», - деп...», - дейді.


Ал сіздің пікіріңіз қандай?


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар