«Ұшқыш әкім» енді шайтанарба иектей ме?

Былтыр Мәжіліс отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мыңдаған гектар жер мемлекет игілігіне берілді деп есеп берген еді. Ал мәжілістің ендігі экс-депутаты, «Ақ жолдық» Берік Дүйсенбинов бұған сенбейтінін айтқан.

1502078969_a.jpg

Оның сөзінше, қай-қай облыста да жолдың оң және сол жағы да әкімнің жері екен. 


«Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Алайда сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектар жер қайтарылды деген сөз – өтірік», – деді ол.


Биыл 69 жасқа келетін Даниял Ахметов болса, мұның ешқандай тексерілмеген ақпарат екенін айтып, депутаттың сөзін теріске шығарды.


Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте: «Әкімдер өз қалалары мен елді мекендерінде жаяу жүруі керек», – деді. 


Даниял Кенжетайұлы бұдан бес жыл бұрын құрметті демалысқа шығып, жұрт қатарлы зейнетақы алуға тиіс еді. Жоқ, облыс әкімдерінің арасындағы ең кәрісүйегі Ахметов жұмысын жалғастырды. Есесіне, ШҚО былтыр әкімнің жәй ғана ұшып-қонуына 200 млн теңге, 2021 жылы 260 млн теңге, 2020 жылы 100 млн теңгеден артық қаржы жұмсаған.


Бұрынғы президенттің кадры биыл ұшып-қонуға ақша жұмсаудан рекорд жаңарта ма, әлде «ҚР велоспорт федерациясының бұрынғы құрметті президенті» деген лауазымына сай шайтанарба иектей ме?  Бірақ ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниял Ахметов тұрғындарға жүгіру мен жүрудің үздік үлгісін көрсететін шығар деген есекдәмеміз де жоқ емес.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар