Қырғыздар қазақша сөйлеп кетті: Қырғызстан латынға көшпек

Қырғыз әліпбиіне реформа керек. Бұл туралы Қырғыз Жогорку Кенешінде (парламент отрысында) депутат Нұржігіт Қадырбеков мәлімдеді.

керкрр.jpg

Депутат қазіргі қырғыз әліпбиімен тілді үйрену қиын екенін атап өтті, өйткені онда сөздерді дұрыс айтуға және тануға арналған дыбыстар жоқ, деп хабарлайды 24.kg.


«Бұл өте маңызды мәселе. Оңтүстіктегі қырғыздар өзбекше сөйлеп, солтүстіктегі қырғыздар қазақ пен татар тілінде сөйлеп жүр. Сөздерді дұрыс айту үшін алфавитте кейбір әріптер жетіспейді. Қазақтарда екі А және екі К әрпі бар», - деді ол.


Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев депутаттың ұсынысына келісті. Ол мемлекеттік тіл бойынша кеңес құрылғанын хабарлады.


ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қырғыздар араб алфавитін пайдаланды. 1930 жылдары латынға ауысып, 40-жылдардың басында кириллицаға көшті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар