Кремльдің қулығы: Путин әлем назарын өзіне аудара ала ма?

Кремльдің хабарлауынша, Путин 17 сәуір күні былтыр окупацияланған аумақтарға барды. Америка зерттеу институтының сарапшылары: Бұл – Путиннің әскери көшбасшы болып қала беретінін көрсетуге бағытталған сапар», – дейді.

maxresdefault-900x505-1.jpg

ВВС Путиннің сонда болғанын растады. Видеода көрсетілген аумақ – Херсон облысындағы Геническ қаласында, дәлірек, Арабат шұңқырындағы бұрынғы «Бригантин» демалыс орталығының аумағында (Геническтен оңтүстікке қарай бірнеше шақырым жерде).


Кремль Путиннің Херсон облысындағы «Днепр» тобының штаб-пәтеріне және Луганск облысындағы «Восток» тобының штаб-пәтеріне барғанын хабарлады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл 17 сәуірде болғанын айтты, бірақ Путин видеолардың бірінде: «Пасха мерекесі жақындап қалды», – деді. Бұған сүйенсек, Путин онда 15 сәуірге дейін барғаны беп-белгілі боп шыға келеді.


Украина президенті Владимир Зеленский 18 сәуірде Авдиевкадағы майдан шебіне барды. «Кремль мұны әлемдік БАҚ жарыса жазған Зеленскийдің сапарынан әлемнің назарын аудару үшін әдейі жариялап отырған болуы мүмкін», – дейді сарапшылар.


Инстуттың пікірінше, ресейлік блогерлер Ресей билігін Зеленский сияқты майдан шебіне бармағаны үшін сынға алады. Ал Путин әскери көшбасшы ретіндегі имиджін жақсарту үшін былтыр басып алған Мариупольге барған. Оккупативтік билік пен блогерлер Путиннің сапарын құптап, «Бұл Украинаның қарсы шабуылдарына тойтарыс беруге дайындалып жатқан ресейлік әскерлердің рухын көтерді», – деп мәлімдеді.


Сондай-ақ, сарапшылар «Путиннің сапары Украинаның жоспарланған қарсы шабуылдары алдында «әлеуетті қылмыскерлерді» көпшілік алдында анықтауға бағытталған болуы мүмкін», – деген болжам жасады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар