Путин жолын таңдаған Мирзиеев һәм Конституциялық реформа

Кеше, 19 сәуірде Өзбекстанда Конституцияның жаңа нұсқасын қабылдау жөніндегі референдумға дауыс беру басталды. Дауыс беру 26 сәуірге дейін жалғаспақ. 30 сәуірде жалпыұлттық референдум өтеді.

756567803920516.jpg

Жаңа құжат президент Шавкат Мирзиеевтің билік басында 2040 жылға дейін қалуына мүмкіндік береді.


Референдум қарсаңында елдің барлық өңірлерінде жаңа Конституциялық өзгерістерді қолдайтын мерекелік шаралар өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде «маған бәрібір емес» хэштегімен үгіт-насихат ұйымдастырылған.

Сарапшылардың пікірінше, сайлаушылар референдумда жаңа Конституцияны қолдамайды дегенге сену өте қиын.


Конституцияның парламент мақұлдаған жаңа нұсқасы 15 наурызда Өзбекстан мемлекеттік ақпарат құралдарында жарияланды.


Жаңа Конституцияның 106-бабында президент мерзімі 5 жылдан 7 жылға созылатыны айтылған. Құжатта бір президент қатарынан екі мәрте мемлекет басшысы қызметін атқара алмайтыны жазылған.


Елдің ата заңының Қарақалпақстанға қатысты 85-90-баптары өзгертілмеген. Естеріңізде болса,  2022 жылғы шілдеде Қарақалпақстанның егемендігіне байланысты осы баптар алынатын болып, Нөкісте қантөгіс болған. 


Бұған дейін Өзбекстан Сенатының вице-спикері Садық Сафоев: «Конституцияға өзгеріс енгізу Өзбекстан президентінің қазіргі мерзімін есептемей (обнуление), қайта сайлауға түсуге мүмкіндік беретінін» айтқан.


Өзбекстан президенті кейінгі жылдары бірқатар саяси және экономикалық реформа жасағанымен, өз тағына келгенде Путиннің жолына түскен секілді. Өйткені Путин де 2020 жылғы Конституциялық реформадан кейін өзінің мерзімін жойып, қайта сайлауға түсу құқығын бекітіп алған.


Мирзиеевтің мерзімі 2026 жылы бітуі тиіс. Енді оның президенттік мерзімі өзгерген Конституция бойынша жаңарса (обнуление), онда ол тағы екі мерзім отыру мүмкіндігіне ие болады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар