«Украинаның орны НАТО-да»: Кремль бұлқан-талқан болуда...

20 сәуірде Украинаға ресми ескертусіз келген НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг «НАТО-ға мүше барлық ел Украинаны Альянсқа қабылдауға келісті», - деді.

еноенен.jpg


Оның айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше елдер Украинаның НАТО-ға қосылуын қолдап отыр, бірақ қазіргі күнгі ең басты мәселе – Киевтің Мәскеумен соғыста жеңіске жетуіне барынша көмектесу.


Бұл мәлімдемені Столтенберг жұма күні таңертең Германиядағы Рамштейн әуе базасында Украинаның қорғаныс жөніндегі байланыс тобының кездесуі алдында жасады.


Сондай-ақ, НАТО-ның Бас хатшысы:


— Украинаның орны НАТО-да. Вильнюс саммитінде Украинаны альянсқа қабылдау мәселесі талқы болады.

— НАТО Украинаны ұзақ мерзімді қолдауды іске асырып, елдің әскері натолық стандартқа сай болуына көмектеседі.

— Альянсқа мүше елдер осы уақытқа дейін Украинаға 150 млрд доллар көмек көрсетті. Ұшақ пен бронды техника беруді арттырудамыз.

— НАТО Украинадағы соғыстың қашан бітетінін білмейді, бірақ Киевті соңына дейін қолдайды, - деп мәлімдеді.


Бұған дейін Киевтің НАТО-ға мүшелігі туралы мәселе жазда қаралатыны хабарланған еді, бірақ Украинаны альясқа ресми қабылдау процесі қаншанға дейін созылатыны белгісіз.


Ресей өзінің Украинаға басқыншылық соғысының басты себептерінің бірі – НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі деген болатын.


Дегенмен Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге өтініш білдірді.


Финляндия екі апта бұрын НАТО-ның ресми конвергенция процесін аяқтады. 4 сәуірде НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде фин туы көтерілді.


Осыған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Соғыстың басты мақсаты – Украинаны НАТО-ға жақындатпау», - деген еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар