Мәскеуде нең бар, Жапаров-оу?..

Биыл Мәскеуде Жеңіс күнін Путинмен бірге тойлайтын жалғыз шетелдік басшы - Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.


1169983.9f0aeca47fef6be995687d91dc936110.jpg


Жапаровтың 9 мамырда Мәскеуге баратынын орыс басылымдары қуанып жазып жатыр.


Ал біздің Қорғаныс министрлігіміз әскери шерудің өтпейтінін хабарлады.  


«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру», - деп жазылған хабарламада.


Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны атады.


«Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді» - деді министрлік.


Ал Ресейдің ақпараты: «Қазақтар 4 жыл қатарынан «парадтан» бас тартып жатыр, ойбай»,- деп шулауда.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар