Ресейден бас тарт: Еуропа Қазақстанға керемет ұсыныс жасамақ

Еуропа елдері Ресейге салынған санкциялар барынша тиімді болуы үшін, санкцияны айналып өту мүмкіндіктерін жоюды қарастыруда. Осы ретте олар Ресейдің одақтастары саналатын елдермен келіссөздер өткізуге дайын. Бұл туралы Politico арнайы мақала жазды. Онда Ресей үшін маңызды саналатын төрт елмен арнайы келіссөз жүргізіп, оларға тиімді ұсыныстар жасауды қарастырып жатқаны айтылады. Ол елдер Қазақстан, Бразилия, Чили және Нигерия.


221117131205942e.jpg

 

Арнайы жасалған құжаттар төрт бағана бар. Онда ЕО-ның мүддесі, ұсыныс алушы елдің мүддесі, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер көрсетілген, болжамды негізде сарапталған.

 

Құжатта Қазақстанға ерекше назар аударылған дейді мақала ауторлары. Себебі Қазақстан Ресеймен тікелей шекарасы бар ел. Санкцияны айналып өтуді Ресей Қазақстан арқылы жүзеге асырғысы келеді. Құжатта «Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз байланыс ұстап, өзінің бастамалары Батыста қолдау тапқанын қалайды» деп айтылған. Қазақстан Орталық Азияның ортасында орналасып, Батыс пен Шығысты байланыстырушы көпір рөлінде болғысы келеді. Сонымен бірге Қазақстан мұнайдың басым бөлігін Ресей аумағы арқылы емес, Әзербайжан және басқа аймақ арқылы Еуропаға тасымалдауды арттыруды қалайды. Құжатта Қазақстан билігі ЕО-мен визасыз режим жүйесін қарастыру мүмкіндіктерін іздестіріп жатқаны да айтылады. Бұл ұсыныстарды Еуропа қарастыруға дайын делінген мақалада.

 

Құжатты талқылау сәуірдің соңында жабық форматта өтпек. Еуропа елдері Қазақстанның ҰҚШҚ (ОДКБ) мүшесі екенін жақсы біледі, сол себепті ел тұтастығына нұқсан келмейтін форматты іздестіруде дейді авторлар. Осылайша ЕО елдері Қазақстанды Ресейден алшақтатып, санкциялық қақпақты қатты жаппақ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар