ҚР СІМ: Елшінің сөзі елеуге тұрмайды!

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның «Бұрынғы КСРО елдерінің егемендігі халықаралық құқықта мойындалмаған» деген даулы пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.

керкр.jpg

Айбек Смадияров Қытай сыртқы істер министрлігінің берген түсініктемесін қолдайтынын жеткізді.


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Франциядағы Қытай елшісінің ұстанымын елемейтінін хабарлады. Оның айтуынша, елшінің ұстанымы жалпы Қытай саясатын аңғартпайды. Алайда Бейжің билігі елші Лу Шаеның пікірін қолдап-қолдамайтын ашып айтпады.


«Мен Қазақстан мен Қытай арасындағы байыпты қарым-қатынас туралы айтатын барлық тармақты тізіп шықтым. Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елшісінің әрекетін түсіндіріп, өз ұстанымына толық реакциясын білдірді», - деді Смадияров.


Бір күн бұрын Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае «Кеңес одағының құрамында болған елдердің халықаралық құқықтың мәртебесі жоқ», деп мәлімдеген болатын.


Ол «Қырым Украинаның жері ме?» деген сұраққа «Қырым Ресейдің тарихи жері, оны бұрынғы Кеңес одағының басшысы Никита Хрущев Украинаға бере салған», - деп жауап берген. Сондай-ақ посткеңестік елдердің тәуелсіздігіне күмән келтірген.


 «Халықаралық құқықта бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің нақты мәртебесі жоқ, олардың егеменді мемлекеттер екендігін растайтын халықаралық келісім жоқ», – деді Лу Шае.


Оның бұл сөзі қоғамдық резонансқа алып келді, көптеген елдердің өкілдері қатты реакция білдірді.


Үлкен даудың басталғанын көрген соң Франциядағы Қытай елшісі сұхбатын өшіріп тастады.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің сөзінше, мұндай «саяси жаңалықтарды» елемеген дұрыс.


«Бұл елші Францияда жұмыс істейді, ол жерге қалай нота жібереміз? Ол Парижде жұмыс істейді. Сөздерді аударып, мүлде басқа тақырыпқа әкелмейік», - деді Айбек Смадияров.


Сондай-ақ ол 1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанын еске салды. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың тарихына тоқталып, 2022 жылғы 23 желтоқсанда қабылданған құжатқа сәйкес қос ел бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіндігін жеткізді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар