Санкция: АҚШ пен Батыс Қазақстанға қатаң ескерту жасады!

Қазақстан Ресейге жіберуге тыйым салынған тауарларды жеткізсе, санкцияға ілінеді. Елімізге келген АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг, АҚШ сауда министрінің көмекшісі Мэттью Акселрод және Ұлыбритания Санкциялар басқармасының директоры Дэвид Рид осылай деді.


керкеркрк.jpg


«Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы қару-жарақтарын жаңартуға қажетті тауарлар мен компоненттерді алу үшін экспорттық бақылау мен санкциялардан жалтару әрекетін жасап жатыр. Оның бір жолы - тауарларды үшінші елдер арқылы әкелу.


Тыйым салынған тауарларды Ресей Федерациясы жеткізіп беру АҚШ – тың экспорттық бақылауы мен заңнамасын тікелей бұзу екенін атап өткім келеді», – деді Мэттью Акселрод.


Оның айтуынша, әңгіме iPhone мен кір жуғыш машиналарды жеткізу туралы емес, компьютерлік чиптер, зымырандар мен дрондарға қажетті интеграцияланған электрондық жүйелерге арналған өнімдерді жеткізу туралы болып отыр.


«Біз iPhone мен кір жуғыш машиналарды емес, Украина аумағында бейбіт тұрғындар мен әскерді бомбалау үшін қолданылып жатқан зымырандар мен дрондарды жасауда пайдаланылатын электрон компоненттер туралы айтып отырмыз, – деді Аксельрод.


Элизабет Розенберг Ресейдің барлау қызметі қазір санкциялық тауарларды жеткізетін компанияларды іздеп жатқанын атап өтті.


«Кремль өзінің барлау қызметіне басқа елдер арқылы тауар тасудың жолдарын іздеуді тапсырды. Олар қазір біздің санкцияларымыздан жалтаруға көмектесетін халықаралық компанияларды іздеуде. Құрылғанына көп болмаған, нақты мекен – жайы жоқ, күмәнді транзакциялар жасайтын компаниялар бар», - деді АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі.


Шетелдік делегация санкция салынған тауарлардың тізімін жасады. Олар Қазақстанның түсіністік танытып, шектеулердің өзектілігін түсінеді деп ойлайтындарын айтты.


Осы аптада делегация Қырғызстанға дәл осындай мақсатпен барады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар