Екінші дүниежүзілік соғыстың 78 жылдығы келе жатыр. Жыл сайын Ресейде Жеңіс күні ауқымды түрде аталып өтеді. Таңдаулы әскери бөлімдер мен ең заманауи әскери техникалар шеруіне өте көп ақша жұмсалады. Сүйте тұра, сол соғысқа куә болған, жасы 90-нан асып кеткен азын-аулақ ардагерлері адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр.
Ол ол ма, қанқұмар ел Украинаға басып кіргелі 114,4 млрд долларды соғысқа жұмсаған екен. Сонда айына шамамен 10 млрд доллар кетіп отырған. Бұл 2021 жылғы Ресей бюджетінің үштен бірін құрайды.
«Украинаға соғысқа аттанған Ресей армиясын қаржыландыру халықтың қалтасын тесіп кетті. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Ұлттық қорғанысқа жұмсалған қаржы 4,7 трлн рубль болған. Билік соғысты тағы бір жылға созуды жоспарлап отыр. Ендеше Ұлттық қорғаныстың шығыны 5 трлн рубльге дейін өседі.
Екі жыл ішінде билік «соғыс машинасына» шамамен 10 трлн рубль жұмсайды. Бұл қаражат Денсаулық сақтау саласына бір жылда бөлінетін сомадан 7 есе артық, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінен 20 есе жоғары, дәрі-дәрмек өндірісі саласынан 1,5 мың есе көп. Ресейдің әскерге 2021 жылы бөлген қаражатын биыл 75%-ға арттырған»,- дейді Германияның халықаралық қатынастар және қауіпсіздік мәселелері институтының аға ғылыми қызметкері Янис Клюге.
Mezgil.kz