Ресейдің соңғы демін АҚШ тұншырықтыра ма?

Ресейде Украинада кем дегенде тағы бір жыл соғысуға жеткілікті ақша бар.


1006229_full.jpeg


Бұл туралы The Washington Post: «Мұндай тұжырымдар Пентагонның жария болған құпия құжаттарының бірінде бар», –  деп жазады.


Газет «Мәскеу корпоративтік салық жинауға, тұрақтандыру қорына, импорттың ұлғаюына және экономикалық қысымға төтеп беру үшін бизнестің жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігіне көбірек сенім артып келеді» делінген аса құпия құжаттан үзінді келтіреді.


АҚШ болса, КСРО ыдырағаннан кейін алғаш рет ядролық оқтұмсық шығаруды қайта бастады.


Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының (NNSA) мәліметі бойынша, 2023 жылы АҚШ ондаған жаңа ядролық оқтұмсықтар шығарады.


NNSA есебіне сәйкес, биыл стратегиялық және тактикалық оқтұмсықтар мен бомбалардың негізгі элементі болып табылатын 80 плутоний өзегін жыл сайын шығару жоспарланып жатыр.


Сондай-ақ Еуропада орналастырылған В61-12 ядролық бомбаларының қызмет ету мерзімін ұзарту және сүңгуір қайықтарда орналастырылған Trident II континентаралық баллистикалық зымырандарының оқтұмсықтарын жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар