Ресей пропогандасы тағы да қазақ жеріне шүйлікті

Соғыс насихатшысы, Ресейлік журналист Стешин бірер күн бұрын «Ресейдің қазақ жерлерін иемденуге құқығы бар» дегенді айтқан.

 

аепрк.jpg


Ол да «орыстілділер мекендеген Қазақстанның аумақтарын кезінде Ресей елімізге сыйлыққа бере салған» деген көпірме сөзді қайталаған.  


27 сәуір күні өткен Ассамблея жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдемелерді қамтитын сепаратизмге қарсы тұруға шақырды.


«Бірлігіміз бен ынтымағымызға нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтарды табанды түрде тоқтату керек. Қоғамдық ортада түрлі бұрмалаулар немесе жалған, деструктив басылымдар санының айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Олардың авторларының басым көпшілігінің Қазақстанға еш қатысы жоқ, шетелден әрекет ете отырып, қоғамымызға алауыздық тұқымын себуге тырысады. Олардың сөздері мен әрекеттері сенімсіздік атмосферасын тудыруға, адамдар арасында алауыздық тудыруға, мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған.


Этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы кез келген арандату әрекетінің жолы заң аясында қатаң кесіледі. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше назарда ұстап, заң бойынша әрекет етеді. Әр азамат өз сөзі мен әрекетіне жауапкершілік сезінуі керек. Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес», - деді Президент.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар