Путин басып алған украин жерлерінде тұратын халық Ресей азаматтығын қабылдамаса, жер аударылатыны туралы жарлық шығарып, қол қойды.
Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталына шығарылған. Заңға сәйкес, Ресей аннекциялап алған Украина аумақтарында тұратын жергілікті халық Ресей азаматтығына өтуі тиіс. Олай етпеген жағдайда азаматтықтан мүлде бас тартуы керек. Бас тартқандар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шетел азаматы болып есептеледі.
Сондай-ақ Ресей заңы бойынша «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырғандар экстремизмді немесе терроризмді қаржыландырғандар, заңсыз акцияларға қатысқандар» да депортациялануы мүмкін.
Естеріңізде болса, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялап, оларды «өз жері» деп жариялаған.
Бірақосы облыстардың біраз бөлігін украин әскері бақылап отыр. Украина қарулы күштері Херсон қаласын Ресей басып алғаннан кейін, қайта азат етті.
Mezgil.kz