Ресейлік саясаткер: Үш жылда Путин жүйесі ыдырайды

Украинаға даму бағытын өзгертетін жалғыз мүмкіндік беріліп отыр. Бұл туралы Ресейден кетіп қалған ресейлік саясаттанушы Станислав Белковский Дмитрий Гордонға берген сұхбатында айтты.


political-scientist-stanislav-belkovsky_28.jpg


«Менің ойымша, Ресей Федерациясының ішкі жүйесі ыдырау үшін тағы үш жыл қажет. Сонымен қатар, Украинаның тек әскери жеңістерге көңіл бөлгені дұрыс емес. Украинада қазір жаһандық трендтердің шығыс еуропалық полигонына айналудың бірегей мүмкіндігі бар», - деді ол.


Саясаттанушының сөзінше мұндай мүмкіндік бұрынғы Украинада болмаған. Себебі Украинаның ескі шенеуніктері Кеңестік идеологиядан шыға алмағандар болатын.


«Қазір ол психологиялық тәуелділік бұрынғы Украинамен бірге кетті. Сондықтан жаңарған саналы адамдармен елді қайта құрудың мүмкіндігі туып тұр. Украинаға ақыл айтуға құқым жоқ, бірақ егер де сарапшы пікірімді білдірсем, украиндар тарихта бір-ақ рет болатын мүмкіндікке ие болып отыр», - деді Станислав Белковский.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар