Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская Deutsce Welle фейсбук парақшасындағы Аннексияланған Қырымды Украинаның бақылауына қайтару үшін қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатқаны туралы жазбаға: «Одан да Түркияға шабуылдаңыз, Зеленский мырза! Ол жақта күн жылы» деген пікір қалдырыпты.
Біраздан соң пікірін өшірген ол қоғам наразылығынан соң әлеуметтік желідегі парақшасында кешірім сұрағансыпты. «Байқамай жазып қойыппын», – дейді ол. Ендеше бұл – «байқамай қала» беретін Анна ханым депуттатың орнына да байқамай отырды деген сөз.
Тоқаевтың өзі Қырымға қатысты позициясын ашып айтпайды, Башинскаяға не жорық!? Бір бармағы бүгулі депутат жағынан жаңылған жоқ, ол «Түркияға шабуылда» деп басқыншылық пиғылын ашып айтты. Шабына шоқ түскені сонша, бұған дейін Украинада қойша қырылған қанша жазықсыз жанның әруағынан аттап, тағы да қисапсыз өлімге бастайтын жолға шақырды.
«Аманаттың» алаңғасар мүшесі орнын өз еркімен босатуға тиіс. Оған көнбесе, партия оны күштеп кетіруі керек. Әйтпесе онсыз да қайғыдан қан жұтып отырған елді нұсқап, «шабуылда» деген сөзді қазақ қоғамы Аннаның емес, «Аманаттың» сөзі ретінде қабылдайды.
Mezgil.kz