Посткеңестік елдер және 9 мамыр...

Қазір посткеңестік елдердің «Жеңіс күніне» деген көзқарасы өзгерген. Әр республикада 9 мамырды тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Биыл бұрынғы КСРО елдерінің көпшілігі шерулерден бас тартты, ал кейбіреулері бұл мерекеге тыйым салды.

еноео.jpg

Кеңес Одағының құрамында болған бірнеше мемлекет  «Жеңіс күнін» мүлдем тойламауды немесе оны мемлекеттік мерекеге айналдырмау жөн деп, заңмен бекітті.

Латвия билігі 9 мамырды «тоталитарлық және оккупациялық режимдерді дәріптеу күні» деп атап, тойлауға ресми түрде тыйым салды.

Эстонияда 2023 жылы, бұл күні Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты кез келген рәміздерді көрсетуге тыйым салынды.

Литвада 9 мамыр мереке емес.

2020 жылы Украина 9 мамырды тойлаудан бас тартып, бұл күнді «декоммунизациялау» және «еуропаландыру» бағытын жариялады. Енді украиндықтар мерекені Батыс Еуропадағыдай бір күн бұрын атап өтеді.

2015 жылдан бастап Украинада КСРО рәміздерін насихаттауға тыйым салынды. 2023 жылы Украина, БАҚ-тың хабарлауынша, 9 мамырды жұмыс күні деп жариялады.

Молдова билігі «Жеңіс күніне» тыйым салған жоқ - бұл мереке және демалыс күні болып қалды. Алайда, биыл Молдова басшылығы «георгий лентасын» демонстрациялауға ресми түрде тыйым салып, тәртіп бұзушылар айыппұлмен жазаланатынын ескертті!

Түркіменстанда 2017 жылдан бері 9 мамыр мемлекеттік мереке және демалыс күні болып саналмайды. Бұл жергілікті ақсақалдар кеңесінің шешімі. 2020 жылыдан бастап елде «Жеңіс күні» әскери шерулер өткізіле бастады. Бірақ биыл мұндай мерекелер туралы хабарландырулар жоқ. Тек соғыста қаза болғандарды еске алу, оларды құттықтау және әлеуметтік төлем жасаумен шектелетін сияқты.

Әзербайжаннан (фашизмді жеңген «Жеңіс күні» деп аталатын мереке бар), Қырғызстаннан (Өлмейтін полктен саяси акция жасамауды талап етті) және Тәжікстаннан «Жеңіс күні» шерулері өткені туралы ақпарат түскен жоқ.

2022 жылы 9 мамырда Душанбеде шеру өтті.

Еске салайық, биыл Ресейдің көптеген аймақтарында қауіпсіздік мақсатында әскери шерулер өткізілмейтіні айтылды. Ол «Өлмейтін полк» альтернативті режимге ауыстырылды. «Жеңіс күніне» арналған әскери шеру жыл сайын тек Ресейде өтеді.

Биыл Қазақстанда 7 мамырда «Республика қарулы күштерінің құрылған күнін» мерекелеуге және 9 мамыр «Жеңіс күніне» орай бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында әскери шеру өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан соңғы рет әскери парадты 2019 жылы өткізді. 2020 және 2021 жылдары коронавирустық пандемияға байланысты, эпидемиологиялық жағдайға байланысты тоқтатылды.

Қазақстан соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңге (3,3 мың доллар) көлемінде жәрдемақы беретіні БАҚ-та жазылды.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 237 соғыс ардагері бар.

Керімсал Жұбатқанов

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар