Ресей - агрессор ел: БҰҰ Қарарын Қазақстан да қолдады...

26 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясы «БҰҰ мен Еуропа Кеңесінің ынтымақтастығы туралы» қарар қабылдады.


photo_389554.jpeg


Оны 122 мемлекет қолдап дауыс берді. 5 мемлекет қарсы, 18 ел қалыс қалды. Қолдап дауыс бергендер арасында Қазақстан бар, ал қалған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдері қалыс қалған.


aa91b517-9ba8-42a3-b35c-a2cb75d6e7ef.jpeg


Қарар мәтінінде Ресей агрессор ел ретінде көрсетілген. Украинаның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Ресейдің «Бас Ассамблеяның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық туралы» қарарындағы агрессор ретіндегі атын алып тастауға тырысқанын айтты. Алайда ол әрекеті сәтсіз аяқталған.


Ресеймен бірге, Беларусь, Никарагуа, Сирия и Солтүстік Корея республикалары қарсы дауыс берген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар