Қазақстанның 70 пайызы қазақтар

Қазақстан халқының саны - 19 808 430 адам, оның 70 пайыздан астамы – қазақтар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының берген мәліметінде жазылған.


821010_1534227232.jpg


«Қазақстан халқының 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар», - делінген хабарламада.


Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың жалпы санынан көпшілігі - 428 мыңы Алматыда тұрады, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.


«Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады», - делінген хабарламада.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар