Қырғызстан депутаттары Үкіметті таратуға (отставкаға кетуге) шақыруда. Жоғорғы Кенеш депутаты Ақылбек Тумонбаевтың сөзінше үкімет Қырғызстанға салынған қаржыға қатысты есепті нақты бере алмаған.
«Бұл құпия ақпаратқа жатады дейді. Бермей отыр. Біз халық қалаулысымыз ба, әлде кімбіз? Егер министрлер мен олардың орынбасарлары «құпия ақпарат» деген желеумен жасалған жұмысқа қатысты есеп бере алмаса, онда олар орындарынан кетсін. Ақылбек Жапаров та кетсін. "Бутун Қырғызстан" фракциясы өзінің позициясын көрсетті. Қанша қаржы қайдан келіп, қайда кетіп жатқанын түсіндіре алмаса кетсін барлығы. Менің ұсынысыма қатысты хаттаманы беруді сұраймын» , - деді Ақылбек Тумонбаев.
Депутат Айсарақан Абдибаева болса Үкімет тым жоғары пайызбен несие алуда деп санайды. Ол министрліктер Еуропалық даму банкінен пайызы ойнамалы болып саналатын Euribor жүйесі арқылы несие алып жатқанына наразы.
"Неге сіздер Euribor жүйесіне көшіп кеттіңіздер? Оның пайыздық үлесі 3-4 пайызға дейін жетеді. Дүниежүзілік банк несиені 1-1,5 пайызбен береді, ал Германия банкісі де төмен пайызбен несие береді, ал сіздер олардан неге алмайсыздар? Әлде Қаржы министрлігінің өз қызығушылығы бар ма?» - дейді депутат.
Қырғыз депутаттары Үкімет елге келген қаржыны, пайызы жоғары несиелерді және қаржы құйылған саланың нәтижесін көрсетуді талап етіп отыр.
Mezgil.kz