Петропавл қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Павел Афанасьев 2022 жылы қызыл империяның сарқыты болған Петропавл деген атауды «Қызылжар» деп өзгертуді қолдаған қазақтарды «мәңгүрт» деп атаған.
«Қаланың атауын өзгертуді қолдайтындар – бейбітшілік пен тыныштықты ойламайтындар», – деген ол. Оның бұл сөзі нені білдіреді? Мәтіннің астарында қан мән жатыр? Дұрыс, ол қазақ қоғамын Ресеймен қорқытып: «Сендерді Путинге айтып қоямын», – дейді балаға ұқсап.
Афанасьев 2017 жылы депутат болып тұрған кезінде де «мәңгүрт» сөзін қолданған. Сол жылы Астана-Петропавл автокөлік жолын қайта жөндеуден өткізу жобасын іске асыруда жолды кеңейтіп, оның маңындағы аумақты абаттандыруға байланысты тың игерушілер ескерткішін ретке келтіру үшін оны уақытша орнынан ала тұру туралы шешім қабылданған. Ол үшін даурықпауға шақырып пікір білдіргендерге ол: «Сендер үшін, яғни, мәңгүрттер үшін бұл ескерткіштің ешқандай мәні жоқ, ал оның алғаш тың игергендер мен қоныс аударып келгендер үшін қандай маңызы болса, олар көтеріп кеткен Қазақстан экономикасына да сондай мәні бар», – деген.
Павелдің осынау «әләуләйлімінің» Башинскаяның «бүлігінен» қандай айырмасы бар? Афанасьев Әбілдаевтан ұлы ма еді?
Афанасьев қазір Петропавл қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі. Ендеше ол да пікірлестерінің соңынан кетуге тиіс!
Mezgil.kz