Кеше түнде Кремльге соққы жасалды. Кремльдің баспасөз қызметі 3 мамырға қараған түні Кремльге 2 бірдей дронның соққы жасағанын ресми түрде растады.
«Украиналық екі дрон аппараты Кремльге бағытталғанын. Мәскеудің ӘҚЖ (ПВО) жүйесі қос бірдей дронның шабуылын тойтарды. Істен шыққан дрондардың қалдықтары Кремль ғимараттарына құлады. Зардап шеккендер жоқ. Бұл президент Путинге жасалған қастандық. Путиннің жұмыс кестесі өзгерген жоқ. 9 мамырға жоспарланған әскери шеру де уақытылы өткізіледі. Мәскеу жауап беру құқын өзінде қалдырады», - делінген ресми ақпаратта.
Ресейлік агенттіктердің жазуынша, Кремль бұл оқиғаны «террорлық әрекет» деп бағалап, жауап қайтаруы мүмкін екенін мәлімдеген.
Украина президентінің баспасөз қызметі Ресей тарабының дрон шабуылы жайлы мәлімдемесін жоққа шығарып, Украинаның Кремльге шабуыл жасау ниеті болмағанын айтты. Ал президент Зеленский ресми іс-сапармен Финляндияға барғаны белгілі.
Сарапшылар «бұл шабуылдық артында Мәскеудің өзі тұрғанын» айтады. «Бұл Мәскеудің алда Украинаға қарсы жасайтын соққысын алдын ала ақтау әрекеті. Әйтпесе, Украиналық 2 дронды Мәскеуге дейін жеткізіп қойған Ресейлік ӘҚЖ (ПВО) жүйесі қалың ұйқыда екенін дәлелдейді», - дейді сарапшылар.
Mezgil.kz