Дабыл: ЕАЭО Қазақстанды құрдымға сүйреп барады...

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының жиынында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың бізге тиімсіз шарттары қайта қаралатынын айтты.


укпкуп.jpg


«Біз бір кездері Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарына қол қойдық, бірақ бұл арадағы келісімдерді өзгерте алмаймыз дегенді білдірмейді», - деді спикер. 


82c8d59a883748cf92b4ca36fe167464.jpeg


Әшімбаев қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесіне нұқсан келген жағдайда, бұл мәселені одақ көлемінде шешімін табатынын атап өтті. 


Көптеген сарапшылардың ЕАЭО-ның Қазақстан үшін тиімсіз екенін айтып, одақтан шығу керектігін айтып жүргеніне біраз жылдың жүзі болды. 


Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Қазақстан қаласа, одақтан оп-оңай шыға алады дегенді айтқан. 


«Бұл мәселе ең соңғы жағдайда ғана қарастырылады. Ал қазіргі уақытта Қазақстанға бұл одақтан шығудың еш қажеті жоқ. Өйткені осы одақтың арқасында отандық және сыртқы сауда-саттық саласы іргелі басып келеді. Жалпы, одақтан шығу үшін не кедергі деген сауалға келетін болсақ, ешқандай кедергі жоқ. Егер Қазақстан тарапы шығу туралы мәселені қозғаса, еш қиындықсыз шыға алады», - деді ол.


Еуразиялық экономикалық одақ — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылды. 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді. Қазір одақ құрамына Армения мен Қырғыстан да қосылған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар