Молдова билігі ресейшіл күштерді жоюда

Молдова билігі ресейшіл саяси күштерді елдің қоғамдық өмірінен ысырып жатыр. Украинаға соғыс ашқан сәттен бастап, Ресей Молдова билігіне қысымды арттырды. Кишиневтің қарсы реакциясы заңды әрі болжамды негізде өрбіді. Молдова Батыспен әріптестігін арттырып, мемлекеттік тіл атауын ауыстырып, ЕО-ға қосылу ниетін анық көрсетті. Батыс Молдованың бұл шешімдерін қолдайтынын аңғартты. Осылайша Мәскеу тағы бір ықпал ету аймағынан айырылып қалу қаупінің барын сезіп, Молдовадағы ресейшіл күштерді қозғай бастады.


1027061-528468-1287x836.jpg

 

2020 жылға дейін Молдова билігінде ресейшіл басшы Додон отырды. Ол Мәскеумен жақсы қатынаста болып, Приднестровье мәселесін көтермеді. Ресеймен сауда қатынасын дамыту жобаларын мақұлдады, ресейлік арналардың жұмысына еркіндік берді. Алайда 2020 жылы сайлауд Майя Санду жеңіске жетіп, батысқа бағыт алатынын аңғартты. Ол ресейлік арналардың жұмысын тоқтатып, Георгий лентасына тыйым салды. Осылайша Мәскеу Молдоваға тіс қайрады.

 

2022 жылдың ақпанында Украинаға Ресей басып кірген әстте, Молдованың Приднестровье аймағында да бірнеше түсініксіз жайттар болды. Атыс-шабыс, жарылыстар жиіледі. Молдова билігі бұл оқиғаларға қатысты ашық реакция білдіруден қашқақтады. Ал сарапшылар бұл Мәскеудің арандатуы десе, Мәскеу украин күштерінің әрекеті деді. Осылайша 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында болған түсініксіз жарылыстар мен атыстарды кім жасағаны белгісіз болып қалуда.

 

Молдованың Батысқа бағытын тоқтату үшін Ресей өзінің түрлі саяси құралдарын қолдануда. Ол жылдар бойы Ресейден грант алып келген ресейлік үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар. Солардың ішінде «Шор» саяси партиясы Молдованың Ресеймен қатынасын дамытуды талап етіп, бірнеше ірі митингтер ұйымдастырып, республикалық маңызы бар жолдарды жауып, қарсылық акцияларын ұйымдастырды. Молдова билігі ресейлік күштермен қатаң күресті бастады. Сәуірдің басында сот «Шор» партиясының лидері Илан Шорды сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оған жемқорлық жасады деген айып тағылған болатын. Шор сотқа дейін елден қашып кеткен еді.

 

Үш күн бұрын Шор партиясының басшысының орынбасары болған, бүгінде депутат лауазымындағы Марина Таубер тұтқындалды. Ол Түркия арқылы Израильге қашып кетпек болған жерінде ұсталды. Таубер 2023 жылы бірнеше митинг ұйымдастырып, Ресейді ашық қолдағандардың бірі болатын.

 

Молдова билігі ресейлік БАҚ қызметін шектеуді күшейтті. Олар Ресей билігі осы арқылы елдегі тыныштықты шайқалтады деп санайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар