Соғыс аймағына Қазақстан балаларын кім жіберді?

Мектеп оқушылары арасында өткізілген «Живая классика» деп аталатын мәнерлеп проза оқу сайысының жеңімпаздары оккупацияланған Қырымның оң жағалауында орналасқан «Артек» балалар орталығына жолдама алды.


укпупңғ.jpg

Астана, Тараз, Шымкент қаласынан 10 оқушы Қырымға 24 күнге демалысқа кетті. Бұл туралы Орыс үйі хабарлаған.


«Сондай-ақ сайыс жеңімпазының бірі – Жамбыл облысынан келген он екі жасар Федор Щербаковтың арғы атасы Анатолий Маркович Зигельман 1930 жылдары «Артектің» директоры болған, ол 1942 жылы ол Новороссийск маңындағы шайқаста қаза тапқан», - деп қосыпты Орыс үйі хабарламасына.


Соғыс болып жатқан Қырымға, оккупацияланған Қырымға Қазақстан балаларын жіберу қаншалықты ақылға қонымды? Жақында ғана БАҚ-та Белбек аэродромының жанында жарылыстар болғаны, Севастопольде де үлкен жарылыс болғаны жазылды.


Бұған біздің Білім министрлігі: «Балалардың сапарына ата-аналары рұқсат берді», - деп ақталыпты.


«Живая классика» Халықаралық жас проза оқушылар байқауы «youngreaders.ru» сайтында жарияланған. Конкурс нәтижесінде 10 қазақстандық жасөспірім «Артек» халықаралық балалар орталығына жолдама жеңіп алды. Балалардың ата-аналары мектеп басшыларының келісімінсіз, өз беттерінше сайтқа өтінім берген. Осылайша конкурсқа қатыстырған. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолхаттар алынды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Балалардың аман-есен жетіп, ересектердің қарауында екені айтылған. Министрліктің мәліметінше, қазір кез-келген конкурсқа қол жетімді, сондықтан ата-аналар өздері өтінім беріп, балаларын қатыстыра береді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар