Қытай басып кіреді: АҚШ Тайуаньға қару сатуды жылдамдатпақ

АҚШ Тайуаньға 500 млн долларға қару сатпақ. Бұл Украинаға қару жеткізу жүйесі іспеттес жылдам іске асатын болды. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды. Жылдамдатылған жүйе бойынша қаруды әскери қордан алып, тез арада жеткізу мүмкіндігі болады. Бұйрықты АҚШ президенті береді. Бұл құжаттық кедергілерді еңсеруге мүмкіндік беріп, уақыт ұтуға тиімді болмақ.


628b9a3c02e8bd30ba29ea4b.jpg

 

Бұған дейінгі жүйе бойынша келісімшарт жасау, қару түрін сынау және оны тапсырыс арқылы зауыттан шығару ұзақ уақытты алатын. Осы уақытта дейін Тайуань мен АҚШ 19 млрд долларға қару алу және сату бойынша келісім жасаған, алайда дәстүрлі жүйе бойынша келісім жасалғандықтан кей қару түрі әлі жеткізілмеген.

 

Қаруды жылдам жеткізу үшін АҚШ билігі 2023 жылдың әскери бюджетінде Тайуаньға арнап 1 млрд доллар көлеміндегі қаруды арнайы қарастырған. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Сенат алдында сөз сөйлеп, Тайуаньға қаруды жылдам жеткізу жолдарын қарастыратынын айтқан еді.

 

АҚШ билігі Қытай 2027 жылға дейін Тайуаньға басып кіреді деген болжамды айтуда. Қақтығыстың алдын алу мақсатында Вашингтон Тайуаньға алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымыран түрлерін, әуе қорғаныс жүйесі мен ұшақтарды жеткізбек. Тайуань өз кезегінде Украинаның тәжірибесін үйренуге ниетті.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар