11 жылдық үзіліс: Араб әлемі Сириямен қайта татуласа ма?

Араб әлемі Сириямен 11 жыл үзілген қарым-қатынасын қайта жалғады. Өткен жексенбіде Мысырда өткен Араб елдері Лигасының отырысында Сирия Лига қатарына қосылды. Бұл туралы BBC жазды.

 

assadlag0.jpg


Мысырдағы жиынға 22 араб елінен 13 сыртқы істер министрі қатысқан. Енді Сирия басшысы Башар Асад 19 мамырда Эр-Риядта өтетін ықпалды ұйымның саммитіне шақыту алады. 


Асад Сириядағы 300 мыңнан астам адамның өмірін қиған соғыстан кейін қуғынға ұшырады. БҰҰ бағалауы бойынша бұдан басқа 100 мыңға жуық адам жоғалып кеткен, 21 миллион халқы бар Сирияның әрбір екінші тұрғыны босқынға айналған. 


2011 жылдың қарашасында Араб Лигасы Дамаскіні мүшеліктен шығарды. Бір жыл бұрын ғана араб елдерімен Сирияның арасы жыли бастады.  Асад өткен наурыз айында елдегі соғыс басталған уақыттан бері бірінші рет Біріккен Араб Әмірлігіне барды. 


Сарапшылардың пікірінше, Сауд Арабиясының басты қарсыласы Иранның позициясының күшеюі –  араб әлемінің Сириямен арасының жылуына себеп болды. Асад оқшауланып қалған кезде, Тегеран оны қолдап, Сириядағы әскери күшін арттырған. Сондықтан араб елдері Сирияның мүшелікке қайта қабылдап, Иранның Таяу Шығыстағы ықпалын әлсіреткісі келеді. 


Мысырдағы араб елдерінің СІМ басшыларының кездесуіне дейін Асадқа Иран президенті барған. 


Арабтар Асадты өз арасына қосқанымен, оған біршене шарт қойды. 


Сирия азаматтық соғысты тоқтатуы керек; көші-қон дағдарысын жеңілдетуы керек; , есірткі трафигін тежеуі керек. 


Аталған шарттардың орындалуын Египет, Сауд Арабиясы, Ливан, Иордания және Ирак өкілдерінен арнайы құрылған комиссия қадағалайтын болады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар