Генерал Сырский: Басқыншылар Бахмутқа бар күшін жұмсауда

Ресейліктер атыс қарқынын арттырды, бұл туралы Украинаның Құрлық әскерлері қолбасшысы генерал-полковник Александр Сырский айтты. Ол «Бахмут аймағында соғыс қимылдары қатты жүріп жатыр» дейді.


e0b5f5c-syrskyj690.jpg


Сырский өзінің телеграм-арнасында Бахмуттағы сарбаздармен суреттерін жариялады. 


«Ресейліктер ауыр қару-жарақтан атыс бастады және жетілдірілген техниканы қолданып жатыр. Әскерлерін қайта топтастыруда», - деп жазды ол. 


Генерал-полковниктің айтуынша, «жау жоспарын өзгертпейді, олар Бахмутты алу үшін қолынан келгенінің бәрін жасайды».


 Сырский «орыстар әлі де 9 мамырға дейін қаланы басып алғысы келеді, біздің міндетіміз – оған жол бермеу», - деп болжайды. 


Бахмут үшін шайқас бірнеше айдан бері жалғасып келеді, бірақ аймақтағы ең қартты шайқастар 2022 жылдың соңында басталды. Содан бері Ресей күштері қаланы жартылай қоршауға алып, қала аумағының едәуір бөлігін басып алды.


Бахмуттағы шайқастарды негізінен Ресейдің «Вагнер» жедеттері жүргізеді. «Вагнер» әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин «Ресей билігі жеткілікті мөлшерде оқ-дәрі жібермесе, осы аптада Бахмуттан кетеміз» деп қорқытқан. 


Пригожин Бахмутта снаряд жетпегендіктен вагнерліктердің қырылып қалғанын айтқан. Алайда жексенбі күні «Вагнер» басшысы Ресей Қорғаныс министрлігінің оқ-дәрілерді қажетті көлемде бөлуге уәде бергенін хабарлады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар