Жапаров: "Қырғызстанда 9 орыс мектебін ашамыз"

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей басшысы Владимир Путинді Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Ресей басшысы шақыруды қабыл алды. Садыр Жапаров Мәскеуде өткен әскери шеруге алғаш болып шақырту алып, бірінші болып жеткен шетел басшысы.


2deti_migranty_shkola_russkij_jazyk_02_03.jpg


8-мамыр күні екі ел басшысы кездесу өткізіп Қырғыз-Ресей қарым-қатынасын жан-жақты дамыту бойынша пікір алмасты. Путин өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 37 пайызға артқанын атап өтті.  «Ресей Қырғызстан экономикасына инвестиция салу бойынша алдыңғы қатарда тұрған елдің бірі, бұл оң тәжірибе жалғаса бермек», - деді Путин.


Қырғыз басшысы Ресейдің премьер министрі Мишустинмен де кездесті. «Қырғызстан мен Ресей арасындағы ұзақжылдық достық дәстүрін жалғастыратын жобалардың санын арттыра түсеміз. Құрметті президент мырза, осы бір жобаларды іске асырайық деп ұсыныс білдіргеніңізге алғыс айтамын. Бұл ұсынысыңыз Қырғызстан Конституциясында ресми статусы бар орыс тілінің дамуына, кең қанат жаюына ықпал етеді деп ойлаймын», - деді Мишустин.


Өз кезегінде Қырғызстан президенті Жапаров Қырғызстанда 9 орыс тілінде білім беретін мектеп ашылатынын айтты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар