Танымал саясаттанушы, философ, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуяма Путиннің болашағы туралы болжам жасады. Оның пайымдауынша, украиндар қарсы шабуыл жасаса, Путин Қырымнан айырылуы бек мүмкін. Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазды.
«Ал Қырым түбегінен айырылса, Ресей құлдырай бермек. Олар түбекті қайтару үшін қанша инвестиция салғанын ескерсек, Путиннің аман қалу-қалмауы екіталай», – дейді Фукуяма.
Саясаттанушының ойынша, бұл ретте, яғни Қырымға шабуылдағаннан Украина қарулы күштері шығынға ұшырамайды. Қару-жарақ пен әскери техника жеткізетін жолдарды жапса, түбекті басқыншылардан азат етуге болады.
Ең дұрысы, Украина әскері Ресейдің сондағы бар әскерін кепілге алуы керек. Сөйте қалса, «дипломаттардың шайқасы» басталады. Осының нәтижесінде Киев көп ұзамай-ақ аталмыш аумақтың өз иелігіне қайта өткенін жариялай алады.
Айтпақшы, Кремль осыған ұқсас сценарийді 2014 жылдың ақпан айында қолданып, Қырым аумағында «жасыл адамдар» пайда болған. Соның арқасында Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, билік органдарын, темір жолдар мен әуежайларды өз бақылауына алған еді.
Mezgil.kz