Украина президенті Владимир Зеленский ВВС-дің Киевтегі тілшісі Уго Бачегаға берген сұхбатында Ресейге қарсы шабуылды бастау үшін біршама уақыт керек екенін айтты. Зеленский мұның себебін: «Әскерилер әлі де Батыстың уәде еткен көмегіне мұқтаж», – деп түсіндірді.
Осынау қарсы шабуыл соғыстың шешуші кезеңі болуы әбден мүмкін. Бұл Украина үшін де маңызды сынақ, өйткені Батыстан алған көмек соғыс даласында жеңіс туын көтеруге сеп болатынын дәлелдеуге тырысады.
«Бізде бар қарулармен біз алға басып, табысқа жете аламыз. Бірақ көп әскерімізден айырыламыз. Меніңше, бұл шешім қабылданбайды», – деді Зеленский Киевтегі штаб-пәтерінде, бірнеше еуропалық БАҚ, соның ішінде BBC тілшілеріне айтқан сөзінде.
«Сондықтан күту керек. Бізге әлі біраз уақыт керек», – деді Зеленский.
Mezgil.kz