Пригожин Шойгуге: "Жағдайды Бахмутқа келіп, көзіңмен көр!"

«Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Пригожин Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгуді Бахмутқа келіп, жағдайды өз көзімен көруге шақырды. Пригожиннің үндеуін «Вагнердің» баспасөз қызметі жария етті.


_128690562_photo_shoigu_prigozin.jpg

 

Жарияланған құжатта «Вагнер» жеке әскери компаниясы Бахмуттың 95 пайызын өз бақылауында ұстап отырғанын айтады. Оқ-дәрі жетіспеушілігіне қарамастан алға жылжудамыз дейді. Алайда соңғы күндері украин қарулы күштері бірнеше сәтті шабуыл ұйымдастырғанын да жасырмады.

 

"Ұрыс даласындағы қиын жағдайды және өзіңіздің ұзақ жылдық мол әскери тәжірибеңізді ескере отырып, Бахмут елді-мекеніне келіп, қалыптасқан жағдайды өз көзіңізбен көруге шақырамын. Бұл шақыртуға оң жауап аламын деп үміттенеміз», –дейді Пригожин.

 

Бахмут маңындағы әскери жағдайға байланысты Украина қорғаныс министрлігі түсініктеме беріп, украин сарбаздарының 2 шақырымға алға жылжығанын растады. Қорғаныс министрлігінің орынбасары Анна Малярдың сөзінше Ресей әскері "қару жетіспейді" деген жалған ақпаратты тарату арқылы майдан шебіндегі сәтсіздіктер үшін ақталмақ дейді.  


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар