Германия жуық арада Украинаға ең ірі көлемде әскери көмек пакетін береді. Бұл Украинаға қарсы орыс басқыншылығы басталғалы-бергі Берлин бергелі отырған ең ірі көмек болмақ.

Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус 13 мамыр күні жалпы құны 2,7 млрд еуро болатын әскери көмек пакетін жариялады.
Оның ішінде: «Leopard 1» танктерінен 30 дана, «Marder» БМП-ларынан 20 дана, 18 дана доңғалақты гаубица, 4 дана «IRIS-T-SLM» ПВО кешені, 12 дана «IRIS -T-SLS» қондырғысы мен осыларға арналған зымырандар, 200 дана барлаушы дрон, 200 түрлі ұрыс көліктері және т.б техникалар бар.
«Біз бұл сұмдық соғыстың неғұрлым тезірек аяқталғанын қалаймыз. Өкінішке орай, қазір олай болмай тұр», - депті Борис Писториус.
Министр Писториус алдағы уақытта та Берлин Киевке көмек көрсетуді жалғастыра беретінін айтты.
Ал Германия саясаткерлері: «Украинаға Ресей аумағын атқылауға рұқсат етуге тиіспіз», - дейді.
«Украина жеріне Ресей әскері соғыспен келді, басқыншылық жасауда. Ендеше неге Украина өз аумағында ғана қорғануы тиіс?! Киевке қарсыластың аумағына соққы жасап, олардың логистикалық мүмкіндіктерін азайтып, түрлі әскери нысандарын (қойма, база, штаб) жоюға мүмкіндік беруге тиіспіз. Батыс өзі берген қарумен Украинаның қарсылас территориясына соққы жасауға рұқсат етуі міндетті», - дейді олар.
Mezgil.kz