Лукашенко хәл үстінде: Оны Мәскеуде улаған ба?

Беларусь президенті Александр Лукашенконың денсаулығы сыр берді. Беларусь журналистері Лукашенконың кортежі 2 сағат ауруханада болғанын жазып жатыр.


347079677_782972063156107_9188015898082710323_n.jpg


Беларусь басшысының кортежі БР ДСМ-ға тиесілі «Республикалық медициналық клиника» аумағынада болған.


Ол сондай-ақ, жыл сайын өзі жеке барып қатысатын «Беларусьтің Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран күніне» арналған жиынға келмеген. Лукашенко атынан құттықтау сөз Президенттің сайтында жарияланған, мерекелік рәсімде оны премьер-министр Роман Головченко оқып берді.


Лукашенко соңғы рет 9 мамыр Жеңіс күніне арналған Мәскеудегі әскери парадқа қатысып, ел алдына шықты. Оның өң-түсі қашып, шаршаңқы көрінген. Қызыл алаңда 300 метр жолды өз аяғымен жүре алмай, электр көлігін пайдаланды. Журналистер оның қолынан ине салғаннан соң қойылатын таңғышты байқаған.


Ол ТМД басшыларымен бірге қонақ асына қатыспай, Минскке ұшып кеткен болатын. Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті басшысының бірінші орынбасары Константин Затулин «Лифт» басылымына Лукашенконың ауырып жатқанын растаған, бірақ, нендей сырқат екенін айтпады.


«Таңғалатын ештеңе жоқ. Ковид инфекциясы емес. Жай ғана ауырып қалды. Жағдайы болмай тұрса да, ол Мәскеуге келді, сол күні кешке Минскіде салтанатты жиын өткізді. Оған сәл тынығу керек сияқты», - деді Затулин.


Сарапшылар Лукашенконы Мәскеуде улап жіберген болуы мүмкін деген нұсқаны айтады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар