Қарсы шабуыл: Бахмутта жау шегініп жатыр...

«Бахмутты қорғау үшін жасалған қарсы шабуылымыз сәтті болды»,-деді Украина Қарулы Күштері Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский. 


аааа.jpg


Оның айтуынша, Бахмутты қорғау операциясы жүріп жатыр. Соңғы оқиғалар Украина Қарулы Күштерінің жауға қарсы шабуыл жасай алатынын көрсетті. 


«Біздің әскеріміздің Бахмутта алға қадам жасауы – Бахмутты қорғау операциясындағы алғашқы жеңісіміз. Соңғы бірнеше күнде осындай өте күрделі жағдайға қарамастан, біз алға жылжып, жаудың көзін құрта алатынымызды көрсеттік»,- Александр Сырский мәлімдемесінде.


«Вагнер» әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин «жақында Украина күштері Бахмут майданының учаскесіндегі флангтың бір бөлігін бақылауына алды» деп мәлімдеген болатын. 


Бұл Украина үшін өте маңызды. Себебі флангты жаудан тартып алу – Бахмутқа украин әскері мен оқ-дәрілерді жеткізуді жеңілдетеді. Пригожиннің айтуынша, Бахмут маңындағы флангтарда вагнерліктер емес, майдан алаңынан қашып кеткен Ресей армиясының әскерлері болған. 


Жұма күні Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр украин әскерилері Бахмут бағытында 2 км алға жылжығанын мәлімдеді. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар