Украина соғысының тағдырын шешетін - F-16 ұшақтары!

Киев қазір Батыстық әріптестерінен 40-50 шақты F-16 жойғыш ұшақтарын сұрап отыр. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің кеңесшісі Юрий Сак «Politico» басылымына берген сұхбатында айтқан.


litak-F-16.jpeg


Оның айтуынша, осы 40-50 истребительдерден 3-4 эскадрилья жасақтауға болады. Олар Украина аспанын Ресей бомбалаушыларынан қорғайды.


Юрий Сак: «Ұлыбритания, Италия, Франция мен Германия өздері F-16 жойғыш ұшақтарын бере алмаса да, Халықаралық коалицияда дауыс беру құқына ие. Украина әріптестерінен, соның ішінде АҚШ пен Түркиядан осы бағытта қолдау күтеді», - дейді.


Украина Қорғаныс министрлігі кеңесшісінің сөзінше, президент Зеленский Хиросимодағы «Үлкен жетілік» саммитінде және Литвада шілдеде өтетін НАТО жиынында осы мәселені талқыға қоймақ.


Украина әріптестеріне әскери ұшақтар, соның ішінде F-16 жойғыш ұшақтарын сұрап жүргеніне біраз уақыт болды. Әзірге, әскери одақтастар Украинаға бомбалаушы ұшақтар беру мәселесін біржақты еткен жоқ. F-16 жойғыш ұшақтары қазірдің өзінде бірқатар Еуропа елдерінде қолданыста бар. Олардың бірсыпырасы НАТО мақұлдаса, истребительдерді Украиғана беруге әзір екендіктерін айтқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар