«Ресей әлгінде Украина әуе кеңістігіне 18 зымыран мен 6 «Қанжар» ұшырған. Олардың көздегені – Киев. Басқыншылар бәрінен бұрын Украина астанасына шабуылдауға басымдық беретіні сөзсіз. Өйткені мұнда инфрақұрылымдық және т.б. маңызды мемлекеттік нысандар орналасқан.
Сондықтан жойқын соққыларды «құрыш қалқанмен» қорғаймыз». Украина әуе күштерінің спикері Юрий Игнат телефмарафон эфирінде осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, сонша мақтаған «Қанжарының» алтауы да құлап, ұшырған 18 зымыраны он сегіз жаққа сұлап түскен. «Бұл – өте жақсы көрсеткіш», – дейді Игнат.
Бұл оқиға Ресейдің жойқын да «сиқырлы» қару-жарақтары туралы кеудемсоқ, мақтаншақ мәлімдемелерін өтірік және жартылай өтірік деп екіге бөліп қарастыру керек екенін тағы бір рет дәлелдейді.
Украина «Қанжардың» қанатын «Patriotпен» қайыстырды. Ресей журналистері орыс мақтаулысының сынықтарын көрсеткенше бұған сенбеді, жоққа шығарды. Бірақ шындықтан қашып құтыла алмайсың. Украинаның әуе шабуылына қарсы күштері басқыншылар ең маңызды нысандарды жою үшін қолданатын ең қымбат уа күрделі ресей зымырандарын атып түсіруді үйренді.
«Мәселен, бірінші «Қанжармен» олар американың «Patriot» кешенін жойып жібермек болды, алайда қазған орына өзі түсті. Ресейліктер бұдан былай арзанырақ зымырандармен толассыз соққы бере алмайды. Алғыс-қарғысын аяулысын қосалқы станцияларға пайдасыз соққы жасауға жұмсаған генерал Суровикинге айтсын». – дейді Игнат.
Mezgil.kz