Молдова: Қош бол, ТМД!

Молдова билігі ТМД-дан шығуға әрекет етіп жатыр. Оның бастамасы - Молдова ТМД Парламентаралық ассамблеясынан шығатынын мәлімдеді. Бұл процесс қазірдің өзінде басталып кеткен.

керккер.jpg

Бұл туралы Молдова Парламентінің спикері Игорь Гросу 15 мамырда мәлімдеді.


ТМД Парламентаралық ассамблеясынан шығуды Молдова Парламенті, билік партиясы мен президент Мая Санду қолдаған.


Мәскеу бұл шешімге бұлқан-талқан болып: «Молдова билігі өз елінің мүддесіне зиян тигізетін қадамға баруда. Бұл Батысқа ғана тиімді», - деген.


Айта кетейік, Молдова мен Ресей арасында шешілмеген жер дауы бар. Приднестровье деген «мина» бар. Ресей билігі аталған аймақта әскери контингент ұстап отырғаны және факт.


Соңғы жылдары Молдовадағы Ресейшіл көзқарастағы саяси күштер де қарқынын арттырды. Соңғы бір жылдың шегінде Молдовадағы оппозициялық дейтін статусы бар Ресейшіл «Шор» партиясы бірнеше мәрте митинг ұйымдастырып, президент Мая Санду командасының отставкаға кетуін талап еткен. Ал сарапшылар, Ресей Украинадағы соғыста жеңіліс тапса, Кремль режимі билігін сақтап қалу үшін Молдоваға ауыз салуы мүмкін екенін айтады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар