Соғыс: Венгрия Ресейдің жағына шықты...

Венгрия кеше Украина мен Ресей соғысына қатысты екі даулы мәлімдеме жасады.


756585697290491.jpg


Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сиярто: «Украина Еуропалық одақ бойынша өзінің көршісіне агрессиясын арттырды», - деп айыптап, ЕО-ның Украинаға көрсететін қаржылай көмегіне тосқауыл қоятынын мәлімдеді. Будапешт сондай-ақ, Мәскеуге салынып жатқан санкцияларды енді қолдамайтынын айтты.


«Бізден жетер енді», - деді сөзбе-сөз Венгрия СІМ-і.


Венгрия бұл шешімді 3 мәселені негіз етіп қабылдаған. Соның ең бастысы – Венгрияның ірі кредиторы «OTP Bank Nyrt-ті» Украинағың қара тізімге енгізуі.


Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сиярто: «Біз Украинаға ескерттік. «OTP Bank Nyrt-ті» қара тізімнен шығармаса, біз ЕО көмегіне блок қоятынымызды айттық», - дейді.


Екінші себеп: Закарпатьедегі венгер мектептерінің 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатуы.


Үшінші себеп: Президент Зеленскийдің Washington Post-тегі мақаласы. Онда Зеленский «Ресейдің «Дружба» мұнай құбырын жарып жіберуді қолдайтынын» айтқан.


Ал бұл құбыр бойынша Венгрия Ресейден мұнай шикізатын алып отыр. 


«Бұл біздің егемендігімізге тікелей қауіп төндіру», - дейді Венгрия СІМ-і.


Сөйтіп, осыған дейін де (соғыс басталғалы-бері) Украинаға қатысты шешімдерге тосқауыл қойып келген Венгрия Ресей жағына шыққанын ашық білдіріп отыр.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар