Ресей: «Шетел агенті» кімдер?

Ресей «шетел агенті» деп танығандардың 40 пайызы журналистер мен БАҚ өкілдері екен. Нақтырақ айтқанда, тізімдегі 274 кісінің 112-сі – аталған мамандық иелері. Бұл туралы «Верстка» басылымы жазды.


8fcbd756-cc03-4c4f-a016-fbc58e0c8957_F.jpg


«Шетел агенті» тізімінде саяси және қоғам белсенділері саны жағынан екінші орында тұр. Яғни, 33 саяси һәм қоғам белсендісі «шетел агенті» деп танылған.


2022 жылы «шетел агенті» деп айыпталған музыканттар мен актерлер, суретшілер мен жазушылардың да саны артқан. 274 кісінің 26-сы – осындай өнерпаздар. Бұған қоса, жалпы саны 25-ті құрайтын оппозицияшыл саясаткерлер мен Мемдуманың бұрынғы депутаттары, саяси қозғалыс лидерлері де осы тізімде бар.


Бұдан бөлек, блогерлер (18), құқық қорғаушылар (13), саясаттанушылар (12), ғалымдар (12), заңгерлер (9), кәсіпкерлер (9), әскери сарапшылар(2), дін қайраткерлері де (2) «шетел агенті» деп айыпталған.

«Шетел агенті туралы заң» 2012 жылы қабылданып, кейін бірнеше рет өзгертілген.


Ресей 2022 жылы «шетел агентіне» салынатын айыппұлды 60 есе өсірген. Мәселен, 2021 жылы 3,8 миллион рубль болса, 2022 жылы бұл сомма 228,6 миллион рублге дейін өскен.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар