Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда өткен саммитте «Қазақстан ОА-ның геосаяси текетірес аренасына айналмағанын қалайды», – деді.
Мемлекет басшысының Орталық Азияға қатысты айтқан кейбір дәйексөзін де ұсынып отырмыз:
«Барлық мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін, сондай-ақ олардың ішкі істеріне араласпау қағидаттарын берік ұстанатын Бейжіңнің берік ұстанымы ерекше құрмет пен қолдауға лайық».
«Қазақстан өз кезегінде Қытайдың Орталық Азияға қатысты бейбітсүйгіш сыртқы саясатын қолдайды... Біз Орталық Азияның жасампаздық кеңістігі болуын үнемі жақтаймыз және аймақтың геосаяси текетірес аренасына айналмағанын қалайды».
Президент сондай-ақ Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу бойынша қолдауды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Mezgil.kz